Жау да – бір, жыртқыш та – бір. (Күлтегін)
Шағыстырған да – бір, шабыстырған да – бір. (Күлтегін)
Кетіскеннен кектескен жаман. (Күлтегін)
Түзу жолдан шыққанға темір қамыт тұр әзір. (Күлтегін)
Көлгірдің күні қараң. (Күлтегін)
Қағанын сатқан халықты тәңірі де жаратпайды. (Күлтегін)
Қаған үшін еліне қарулы жау келтірмегеннен асқан мерей жоқ. (Күлтегін)
Халқын асырау қағанға парыз. (Күлтегін)
Айбарлы қағанның аты да жау қашырады. (Күлтегін)
Жауыңды жеңу – бір басқа, жауықпас ету – бір басқа. (Күлтегін)