ТОҚСАРЫ

(646-737)

Тоқсары шамамен б.з.д.VІІ ғасырдың басында дүниеден өткен. Тоқсары Грек еліне келгенде, жасы отыздар шамасында болатын. Лукиян, «Скиф және қонақ» деген кітабында: «Тоқсары Скифияға қайтып оралмаған, ол Афинада қайтыс болды, кейіннен ұлттық қаһарман ретінде танылды. Элладалықтар оған жат елден келген Балгер-әулие ретінде жыл сайын құрбандық шалады»- деп жазады. Лукиянның «Тоқсары мен достық» атты еңбегінде «Біз жақсы адамдарға арнап құрбандық шаламыз. Солардың құрметіне орай ас беріп, той жасаймыз. Себебі өлі разы болмай, тірі жарымайды. Әрине, мәселе тек оларда ғана емес, біз өлген адамдарға құрмет ете отырып, тірілерге олардың жақсылықтарын уағыздаймыз. Сондықтан да тірі жүргендердің көпшілігі соларға ұқсап, артына жақсы сөз, өшпейтін із қалдырғысы келеді»  дейді Тоқсары Әулие.

***

Достық туралы көп сөзден, достық пейілді бір іс артық.

***

Рух өлмейді, рух көшеді.

***

Досқа адалдық – рухқа адалдықпен бірдей.

***

Қиындықта қол бергеннен асқан берік достық жоқ.

***

Қанмен бекітілген достықты жаннан безген жаман бұзады.

***

Ерлігі бар – елге жағар.

***

Ерлік жасағанның атасын сұрап алаламас болар.

***

Келген қонаққа достық көңіл, қонақжайлық пейіл таныту – үй иесінің борышы.