(1894-1939)
1894 жылы 15 қазанда қазіргі Қарағанды облысы, Жаңарқа ауданында туған.
1905-1908ж.ж. Спасс зауыт алдында қазақ-орыс мектебінде білім алған.
1908-1913 ж.ж. Ақмола қаласында мектепте, кейін училищеде оқыды.
1913-1916 ж.ж. Омбы мұғалімдер семинариясында оқыған. Онда ол М.Жұмабаевпен танысты.
1914 ж. қазанда “Өткен күндер” өлеңдер жинағы басылып шығады.
1917 ж. Ақмола қаласында кеңес үкіметі жұмыстарында жауапты қызметтер атқарады
1918 ж. Ақмоланы Колчак әскері басып алып, кеңес қызметкерлерін тұтқындайды.
1922 ж. “Еңбекші қазақ” гезетінің редакторы, халық комиссарының орынбасары.
1926 ж. жұбайы – Гүлбарам Батырбекқызы.
1936 ж. еңбек қызыл туынын орденін берді.
1938 ж. тұтқындалған. Кейін атып өлтірді.
Тіршіліктің негізі – еңбек. Еңбекпен ғана адам жақсы тұрмысқа жеткен.
***
Жан-жағың түбі жоқ тұңғиық болса, тұңғиықтан шығуға бір-ақ ауыз болса, ол ауыз – күнәсіз өлім болса, адам өлімге тайынбай тура қарамақ. Қайта өліммен тезірек айқасуға ұмтылмақ.
***
Оқу – білім қазығы,
Адамның азығы.
Оқу-өмірдің сәні,
Тіршіліктің шамы.
***
Жазушы деген сөз қалаушысы, сөз кестешісі, сөз зергері, зергері болғанда жай ғана зергер емес, сөз арқылы адамның жан дүниесін, сана-сезімін тәрбиелейтін зергер. Сондықтан да ол «адам жанының инженері».
***
Қазақты «қазақ» дейік, тарихи қатені түзетейік. Орыс патшасының төрелері, жасауылдары қазақты біртүрлі мүгедек, мақау санап «киргиз» дегенде біртүрлі менмендік қияпатпен мазақпен айтатын болды.
***
Егер бұрынғы кем болып қалған ұлттардың республикаларында үкімет істері мекемелерде сол ұлттың өз тілінде жүретін болса, ол ұлттың бұрынғы зор болып қалған ұлттармен теңелуіне көзге көрінерлік тура жол екеніне ешкім шүбәланбас.
***
Қазақтың тілін, ғұрпын, әдетін, тұрмысын білетін-қазақтан шыққан коммунистер.
***
Қазақ бұрынғы өгей әкеден кемдік көріп қалған жетім бала. Кеңес үкіметі орнап, қазақ теңдік алып отырса да сол бұрынғы қорғалауық болып қалғандықтан, ешбір ірі жұмысқа қасқайып кірісіп, серке болып бастай алмай отыр.
***
Істі қазақшаға аударуды ауылдан, болыстан, ауданнан бастау керек.
***
Бұрын орысша хат білетін кісі бағалы болып, қазақша хат білетін кісілер бағасыз болған. Енді қазақша хат білетін кісілер де бағалырақ болу керек.
***
Мекемелерде істі қазақ тілінде жүргізу бір кісінің айтуымен болатын нәрсе емес, көптің күшімен, жалпы ынтамен, тегіс жұмылуымен болатын нәрсе.
***
Қазақстан еңбекшіл табы қатарға кірсін, өз тізгінін өзі алсын деген азамат бұл іске жан аямай кірісуі керек.
***
Қазақ тілін жүргізу ісі қиын болса, сондай – ақ болар.
Бұған жалпы ынта, қажымас қайрат керек.
***
Ауыл шаруасы күшейіп, оңалса, мемлекет шаруасы
күшейіп, оңалып, түзелмек.
***
Қазақстандағы қазіргі піскен бір зор тарихи мәселе – мекемелерде кеңсе істерін қазақ тілінде жүргізу ісі.
***
Кеңсе істерін жүргізе білетін адамдардың жоқтығы.
Бар болса, аздығы. Сол оқығандары аз, кеңсе істерін
жүргізе білетін адамдары аз республикасының бірі – біздің Қазақстан.
***
Аз ғана ақыға орысша һәм қазақша білетін адамдар қызмет қыла қоймайды.
***
Қазақ тілін кіргіземін деп жүрген белсенді азаматтарды өзін «жақсы коммунист екен» деп айтсын дейтін кейбір сасық, жалмауыз демагог «анау ұлтшыл», «мынау ұлтшыл» дейтін көрінеді.
***
Мемлекет зор бір шаруасы бар үй тәрізді. Кірісінен, малының өсімінен шығыны көбейіп кетсе, ол үй бара – бара кедейленіп, барлық малынан, байлығынан айырылып құрымақ. Шығынын жергілікті халықтың өз мойнына көшірген істің бірі – оқу ісі.
***
Оқусыз қазақтың болашақтағы күні қараң. Өнер – білім жолында артта қалған біздің қазақ халқына оқу бек қажет. Бұл әбден айтылып келе жатқан сөз. Енді бір жиырма жылдың ішінде қазақ өнерлі халықтардың қатарына кіру керек.
***
Патша заманында халық алым төлегенде ол алымның қайда кететінін өзі білмейтін. Ұлықтар елден жиналған алымды судай ағызатын, көбін өз пайдасына жұмсайтын. Кеңес үкіметі халықтан жиналатын алымды сол халықтың өз пайдасына жұмсап, оқу – білімнің кең қылып қақпасын ашады.
***
Әсіресе, біздің қазақ өзінің тұрмысын, өзінің жерін дүниенің жұмағы деп біледі.
***
Оқу, өнер – білім білген малсыз – ақ тіршілік қылып жан сақтай алады. Малсыз – ақ қырдағы надан бойлардан артық өмір сүреді.
***
Қырдың қазағы тезірек оқу оқып, өнер – білім алмаса, азып – тозып, жер – судан айырылып құрып кетпек.
***
Адам баласының өнері – білімі, оқуы, әдебиеті, саясаты, мәдениеті – барлығы шаруашылық кәсіптен туады.
***
Өнер – білімнен артта қалған халық ең алдымен шаруашылық тұрмысын жаңа өрнекпен жөндеу керек.
***
Қазақ тілі Түркістанда бір түрлі, Қазақстанда бір түрлі, әрине, бұлай болса ұлттың тілі жоғалмақ. Бір жерде болса тіл де, әдебиет те, мәдениет те бір жерден шықпақ.
***
Іс автономияда ғана емес. Сол автономиялы жұрт ішіндегі жалшы, жарлы – жақыбайларды жуан жұдырықтылардың тырнағынан босатып, ел билеу тізгінін жалшылар қолына ұстатуда.
***
Мұстафа бейшараны айыптауға болмайды. Өйткені оның запырандай сандырағын кеңес республикасының газеттері баспайды ғой.
***
«Азаматпын» деген кісіде бір қатты тұтынған жол, иман болуы керек қой.
***
Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттың арын жоқтаған патша заманында жалғыз – ақ Ахмет еді. Қазақ халқын байға, кедейге бөлмей, намысын бірдей жыртты, арын бірге жоқтады.
***
Ахмет ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл.
***
Әдебиеттің туған жері – Азия. Азиядан Еуропаға жайылған, одан жалпы жер дүниеге жайылған.
***
Ел тұрмысы қала тұрмысынан әрине артық. Елде бейнет жоқ. Елдің көретіні қызық. Сондықтан ел әдебиеті қаладан көркем.
***
Төңкеріске дейін жасап келген әдебиет дәуірінде оза шығып, бәйге алатын кісі қазақта жоқ.
***
Қазақ көркем әдебиетінің болашағы-еңбекші таптыкі.
***
Әдебиет – тап құралының бірі. Әр тап өзіне құрал болуға жарайтын әдебиет шығармасын ғана қастерлейді. Құрал дегенім тек үгіт – насихат емес. Таптың толып жатқан керегін айтамын. Пролетариат өз мақсатына құрал болатын, өз ісіне жарайтын әдебиет шығармаларын қастерлейді.
***
Алаш партиясының қатары мол, сөзге шеберірек, бастықтарының бәрі зор оқығандар.
***
Надан адам газет – журнал оқымайды. Газет, журнал оқымаған адам – соқыр, мүгедек.
***
Тұлпарды да жамандауға болады, көк есекті мақтауға да болады.
***
Кітап – мәдениеттің, өнердің жемісі. Өнерлі елдің кітабы көп болады.
***
Әрбір зат егіз, қоспақ қияпатты. Егіз, қоспақ заттың екі жағы айрықсыз тура болмайды. Таудың бір жағы беті-теріскей, бір жақ беті-күнгей. Уақыттың жартысы -күн, жартысы- түн, қыс пен жаз.
***
Әрине, әдебиет шығармасының жазылуы шебер болсын. Әуезді, әдемі, әсерлі бола берсін. Жақсы, мазмұнды әдебиет шығармаларының сырты да әдемі болса, шебер жазылса, нұр үстіне нұр.
***
Жазушы – тіл шебері. Тіл шебері болған. Соң тілдің барлық нақысын білуі керек.
***
Жаңа жазушылар өсіп жетілген соң ескі түрлерден озып, әдебиетке жаңа түр салады.
***
Біз білім шыңдаумен тым аз шұғылданамыз. Бұған кейбір асыра мақтаған сыншылар айыпты. Бір ақын тәуір өлең жаза қалса, ол ақынды мақтап шыңға шығарып жібереді. Пушкинге, Байронға теңейді. Егер ол Пушкин, Байронның қатарында тұрса, одан артық оған не керек.
***
Бүйтіп кейін қалуымызға кім айыпты? Әрине, өзіміз айыптымыз. Біздің салақтығымыз, уақшылдығымыз, жарамсыздығымыз, жасқаншақтығымыз айыпты.
***
Шыққан кітаптарымыз аз. Ал кітаптың өзі сапа жағынан нашар. Шығармаларымыз да жалаң, «жасасын» болып келеді. Әлі бірінші сатыдағы саяси әліпбимен келеміз.