ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ

(1866-1937)

   Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов – көрнекті қоғам қайраткері, Ресейдің жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің депутаты, Ресейдің I Мемлекеттік думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік думаның мұсылман фракциясының Бюро мүшесі, Санкт-Петербор масоны, қазақтың 20 ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы әрі көсемі, халқымыздың тұңғыш саяси Алаш партиясының ұйымдастырушысы және ұлттық Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, ғұлама ғалым – ормантанушы, экономист, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі дарынды публицист. Ә.Н.Бөкейханов 1866 жылы 25 наурызда Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының 7-ші ауылында дүниеге келген. Бұл қазіргі Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданына қарасты Қаратал ауылы. Ол қазақтың ақырғы ханының бірі Бөкейден тараған ұрпақтың төртінші буыны, Бөкей ханның шөпшегі. Оны бітіргеннен кейін, Қарқаралы қаласының қазақ балаларына арналған метепте 1879 жылдың 16 қырқүйегінен 1886 жылддың 16 маусымына дейін тәрбиеленіп, оқу барысында үлгілі тәртіп танытқан. 1886 жылы ол Омбыға келіп, жергілікті 4 жылдық техникалық училищеге «пансионер» болып қабылданды. Ол 1890-1894 жылдары Санкт-Петербургтегі Орман институтының экономика факультетінде оқыды. Осы жылдары ол барлық студенттік қозғалыстарға белсенді түрде араласып, әсіресе солшылдардың көзқарасына бейім болды. Ә.Бөкейханов Ресей жандармерия басқармасының назарына алғаш рет студенттік жылдары-ақ ілігіп, «саяси сенімсіздердің» қара тізіміне алынды. Әлихан бұл тізімнен патша өкіметі күйреп, Кеңес өкіметі орнаған жылдары да – 1937 жылдың қырқүйегінде «халық жауы» болып атылып кеткенге дейін де шыққан жоқ.

Халық ісін орнына салуға көп ақыл, көп қызмет, көп жолғы шебер істеген әдіс керек

***

 Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса-
 халықтық мақсат сонда орындалады.

***

Ән-өлең, күй адамның анық тілі, шын тілі, көпке бірдей ұғымды тілі.

***

 Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана.

***

 Біз ақылсыз жаман емеспіз: ақ пен қараны, қисық пен түзуді салыстыра ақ та, қара да, қисық та, түзу де жақсы көрінеді.

***

 Біз қара суды теріс ағызған елдің баласымыз.

***

 Білімі артық, көзі ашық жұрттар дүниедегі адам баласының әсілін, нәсілін тексеріп, барлығын кітапқа жазып шығарды. Бөтен жұрттар қатарында алабөтен – біздің қазақ халқының әсілі тексеріліп тарихы жазылған жоқ.

***

 Бір халық өзінің тарихын оңды білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы тұрады.

***

 Бұзуға құдіреті келетін сөздің елді түзетуге де құдіреті келеді. Түзеуге жұмсасақ түзейді.

***

 Бұл тіршілік үлкен талас, аламан бәйге: жүйрік алады, шабан қалады. Еріншек – өзге жол, бәйге, сыбаға, мүше жоқ.

***

 Бұрынғының оңды ісінен үлгі алмақшымыз.

***

 Ғұмыр, жүріс-тұрыс қай халықта болса, заң-закөн сол халықтың рәсіміне, мінезіне құл.

***

 Дүние-ғұмыр күнде құбылған неше түрлі заман. Қазақ қатардан қалмаймын десе оқу, өнер жолына түсу мақсат.

***

 Дүнияда не болса бірте-бірте аздап ілгері басып болады. Жас баланың да шашы мен сақалы өскені мысалы. Ақылды сөз қылмақ қиын, сөзді іс қылмақ мұнан әлденеше есе қиын.

***

 Жалпақ жұрттың көкірегінде жақсылық болмаса жұрт – жұрт боп тіршілік жасап жүрмек емес.

***

 Жаңа заман адамнан ақыл күтеді.

***

 Жігіттігі бар жігітті жүдетіп, меселін қайтармаған жөн.

***

 Жұрт ғаділ болмай жұрт ісі ілгері баспайды. Өзін-өзі қасқырша шауып отырған жұртта оқу, шеберлік болмайды.

***

 Көкіректе сайрап тұр, қолымды заман байлап тұр.

***

 «Қазақ» деген сөздің мағынасын тарих кітаптары анық қып айтып бере алмайды.

***

 Қазақ жұрт боламын десе өз ішіндегі екі қазақтың жер дауын құртуы керек қой.

***

 Қазақты ақ жолға саламын десең істің астарын қарастыр, істің сырты жай ғана бел көрсету.

***

 Қазақтың кесек сома шығарар байлары аз болғанымен, ақшасы аз бола тұрып адамгершілігімен серіктестікке жарайтын азаматтары аз емес.

***

 Қазақтың биі мен билігін өзгерту не керек, шірік жіп қанша жалғағанмен, не іске жарайды. Бұл биді, билікті жоғалтып қазақты орыс судиясына қарату үшін керек.

***

 Қалам алған кісінің бәрі хатшы бола ма? Сөйлеген кісінің бәрі шешен бола ма?

***

 Қаңғырған биді, адасқан билікті малданып отырған жұртпыз.

***

 Құдайдан соңғы күшті нәрсе – рәсім.

***

 Меккеде қазақ шежіресін білетін кісі мүлдем жоқ болса да, сөз табылады. Әйтеуір, сұрағаны табылады.

***

 Мемлекет қазақты өз баласының бірі қылса, осы тұрған шаруасын бұзбай орналастырар еді. Сонда қазақ эволюция жолымен бірте-бірте отырықшы болар еді.

***

 Ұлт үшін ұранымыздың ұлғаймағанына күшін қосып, көмектесіп, қызмет ету қазақ баласына міндет.

***

 Ұлық іс ұсақтан ұлғаяды. Кірпіш зор емес, оны қаласаң зор үй шығады.

***

 Талас-тартыс жоқ болса, өмір абақтыға айналар еді.

***

 Айыр сөзде айып жоқ.

***

 Ақылға саңыраулық та айып.

***

Жұрт әділ болмай, жұрт ісі оңға баспайды.

***

Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана.

***

Жұрт ісін түс көрмей, ояу жүріп іздеу – мақсат.

***

Ақылды сөз қылмақ қиын, ақылды сөзді ақылды іс қылмақ одан да қиын.

***

 Болғаннан – қашпа, болмағанға – саспа.

***

 Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден.

***

 Жалпақ жұрттың көкірегінде жақсылық болмаса, жұрт жұрт болып тіршілік құра алмақ емес.

***

Білім-білімге, мінез – мінезге.

***

Білімнен мақсат шықпайды.

***

 Көп оқыса, зейінді болса – білімді болмақ, ал мінезі жақсы бола ма, әлде жаман бола ма – мұны құдай біледі.

***

 Болыс болу да қасиет болып па?!

***

 Қазақ-ау! Түзуің бірігіп жұрт үшін қам ойлайтын кез келген жоқ па?!

***

Жұрт пайдасына таза жолмен тура бастайтын ер табылса, қазақ халқы соңынан ерер еді.

***

Көзі соқырдан көңілі соқыр жаман.

***

 Еуропада халық партия болғанда адаспас ақ жол табамыз деп, адам аспас асқар белден асамыз деп, жұрт ілгері басатын іс қыламыз деп таласады.

***

Біздің қазақ ұлтының автономиясы жерге байлаулы автономия болмақ.

***

 Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса, башқұртша көрші мұжыққа сатып, біраз жылда сыпырылып жалаңаш шыға келеді.

***

 Француз, орыс Һәм өзге жұрттың тарихынан көрінеді: молда үкіметтен ақша алса – сатылып кетеді. Рухани іс аяқасты болады. Жалақы алған молдалар үкіметке жетекшіл болып, еріп кетеді. Біздің қазақ-қырғыз дін ісін көркейтетін болса, үкімет ісін бөліп қойған оң болады.

***

 Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды.

***

 Бірліктен айырылған ел қаңғып қалады.

***

 Әділдік жоқ жұртта береке-бірлік болмайды.

***

 Байлықты өнермен, шаруамен, қызметпен іздемей, жұртты тонап, момынды жылатып іздеген мырзалар қыстыгүні үңгірде жатып өз аяғын өзі сорған аю тәрізді.

***

Өзіне-өзі қасқырша шауып отырған жұртта оқу-өнер болмайды.

***

Орыс патшалығының адам болып отырғаны – мұжықтың әділдігі. Орыс патшалығының бар адамының күнелтіп отырғаны – мұжықтың жанкештілігі (жаҺитшілдігі).

***

Бұралқы – бүлікке.

***

 Аз адам атқа міндім деп, қасқыр боп көпке шапса – мұндай жұртта береке қайдан болсын?!

***

 Қазақ жұртының шырақ алып, түзу жолға бастар жігіттері қайда?!

***

Хан баласында қазақтың хақысы бар: қалайда қазақтың көбіне сүйенсе күшті болады.

***

Әкім халықтың көбіне сүйенсе күшті болады.

***

Байлықты өнермен, шаруамен, қызметпен іздер болар.

***

Бізде болыс көп сайлаған болмай, бөтен елден орыс жетелеп әкелген бұралқы болды.

***

Ел берекесі кетуінің түпкі себебі – қазақта бірліктің жоқтығы.

***

Болысқа орысша хат білу тілмаштарға құл болмау үшін керек.

***

 Болыс болуға лайықты кісі – халық пайдасын білетін, жөн мен жол көрген, жұрт сөзін тыңдай да, құрметтей де алатын кісі.

***

 Тіршіліктегі жүйріктік ақылда, ұсталық пен жанкештілікте.

***

 Жұртқа әділ би пайдалы, көпке сүйенген, көп сөзін тыңдаған, билігін орнына жұмсайтын, арам жемейтін, іс білетін, ел мүддесін ашық қорғай алатын болыс пайдалы.

***

 Байлық түбі – ақыл Һәм қол ұсталығы. Осы екеуі қосылмай адам баласы қазынаға жарымайды.

***

Дүние билігі күннен-күнге ақылды, ұста жұрт қолына ауып барады.

***

 Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса – халықтық мақсат сонда орындалады.

***

 Мал бағып, малының артынан еріп көшкен қазақ сияқты халық байлық пен қазына мал кіндігінде деп біледі.

***

 Халық ісін орнына салуға көп ақыл, көп қызмет, көп жылғы шебер істеген әдіс керек.

***

Тіршілік – ғұмыр белгісі – алыс-тартыс, арбау-әдіс.
Кім шебер болса, жалықпай-талмай ізденсе, бірігіп,
Тізе қосып әдіс қылса – ғұмыр бәйгесі соныкі.
Торғайдың ақ үрпек балапанынша ауызды ашып,
Біреуге жалынып жалпая – бергеннен түк шықпайды, іс өнбейді.
«Заманың түлкі болса, тазы боп шал» деген де
Балапан болмай, әдіс қыл деген ғой.

***

 Бөтен кісі қазаққа ешқайдан ештеңе жақсылық әкеп бермейді.

***

 Кедей тамақ асыраймын деп, ақылсыз жас атымды шығарамын деп,
 Надан ақсақал кек аламын деп ұрлық жасайды.

***

 Өз күшіне сенбеген адам да, халық та
ешқашан өмір бәйгесін ала алмайды.

***

 Біреуге телмірген адамнан, яки халықтан қосақ түрткен жетім лақ бақытты.

***

 Заң адам пайдасына жазылады, адам заң үшін тумайды ғой.

***

 Көкіректе сайрап тұр, қолды заман байлап тұр.

***

Өзің түйеден өткен жетекшіл болсаң, саған ақыл не керек?!

***

 Жер дауы – тамам бес миллион қазақ дауы.

***

Бұл жұрт жұмысын жұрт болып іздемес пе еді?!

***

 Адам жылап отырса, оның орнына келген заң кірпі не опа бере алады?!

***

 Шыңғыс хан дүниені алды, артында түк белгі қалған жоқ.

***

 Ақсақ Темір дүниені алмаса да, артында Самарқанд, мешіт, медреседей белгі қалды. Шыңғыс – көшпелі, Ақсақ Темір – отырықшы.

***

 Австралияның қойының еті төрт ай мұхитта кемемен жүріп келіп, Петербург базарында сатылады. Малшы көшіп жүр, адамы қала болып отыр.

***

 Қазақ жері – мал кіндігі: мұнда бұрын-соңды қай жұрт жүрсе де мал баққан.

***

 Атқыштың асығы түгел.

***

 Ғұмыр ісі заң хатына қашан сыйған?!

***

 Зауыт ісі жұрттың жалпы шебер, көнбіс, ұста болуына байлаулы.

***

 Мал һәм егін шаруасымен айналысу отырған-көшкенге байланысты емес, жеріне, жерінің ауа райына қарай айқындалады, тағы өзге неше көп себеппен шаруа өзгертіледі.

***

Адам баласы бір-біріне өкімші де, құл да болған.

***

 Әр замананың өз рәсімі, өз салты бар. Біздің замандағы салт: әркез құқына таласу, хұқына тартысу болады.

***

Жылау салты артта қалды.
 Бұл заманда жылап мұратқа жетем деу-
Аш түйенің күйсеуі сынды дәрменсіздік.

***

Зауыт ісі жүріп кетуі үшін жылқы жайлауындағы боз дала мен тұнық судай мәдениет ахуалы қажет.

***

 Біздің халықтың үйшісі, ұстасы қалыпты.

***

 Мәдениет әмірі – құдірет әмірі.

***

 Әр нәрсенің амалын біліп, өз орнына жұмсағанда ғана іс көркейеді.

***

 Адам қызметі кіріспей, қазына тумайды.

***

 Мал тұяғы – қазына.

***

 Мұжық егінші болғанда, қазақ жақсы малшы болса, бірінен-бірі керектерін алып тұратын жақсы көрші болады.

***

Бір өнер қылған екі кісіге тар жер
Екі өнер қылған екі кісіге кең болады.

***

Байлық басы көпке байлаулы емес –
Базарда ақша болатынға байлаулы.

***

 Би – түзу, билік – әділ болсын!

***

 Биді кім болса содан қорықпайтындай, біреудің бетінің қызылына немесе біреудің жақсы жағасына қарамайтындай жағдайға қою шарт.

***

 Адамзат екі аяқты, сөйлейтін сөзді, ұятты болып өзге хайуаннан айырылады.

***

Бұл ғұмыр тойына шақырылған көптің бәрі бірдей өз өнеріне тиісті орын ала бермейді.

***

Мақаланы қалам өзі тілегенде жазса, сөз кестелі болады.

***

 Керекті жақсы сөздер тозбайды.

***

Түрік затты халықта біздің қазақтай бір жерде тізе қосып, қалың отырған іргелі ел жоқ.

***

Анық түрік затты халық тілі – бідің қазақ тілі.

***

Ғұмыр бәйгесінде біздің қазақ тілі өз бәйгесін алар!

***

 Еуропа мәдениеттімін – мәдениеттімін деп мақтанғанымен, мәдениеті өнерінде ғана, ал мінезі әлі хайуандық сапарынан қайтқан жоқ.

***

 Еуропа патшалықтарының түзу деген құр аты болмаса, іс жүзінде – бір-біріне қасқыр. Тарих жүзінде Еуропа Азия жұртының бетіне Шыңғыс хан Һәм Ақсақ Темір ісін басады. Осы екі патша қанша жәбір қылды деп. Бұлар өз уақытында заманына қарай іс қылғаны рас. Ал осы жиырмасыншы ғасырда Еуропа патшаларының қылған ісін кім ақтап ала алады? Бұлардың қайсысы қолынан келсе Шыңғыс хан һәм Темірлан болмайын дейді…

***

 Алтынға кім қисаймаған.

***

Саясат ісі мәдениет соқпағына анық түскен жұрттың саяси партиясы аз болады.

***

«Құрықсыз сөз» дейтін бір сөз болады.

***

Жанайқай: қазақтың оқыған азаматтары, қазаққа осындайда қызмет етпегенде қашан қызмет етіп пайдамызды тигіземіз?!

***

«Жамандықты ұмыт, жақсылыққа ұмтыл» деген мәтел бар.

***

Жантебіреніс: Азаттық таңы атты! Тілекке құдай жеткізді!
Күні кеше құл едік, енді бүгін теңелдік!

***

 Жер десе дірілдемей болмайды: жер мәселесі – негізгі өмір мәселесінің ең зоры.

***

Тұрмыс құрсауы – құдайдан соңғы күшті!

***

 Мансапқұмар ел – кемелдікке жетпеген ел.

***

Қазақ-ау! Оян! Мұжық көші жүріп кеткенде, жұртта қалып жүрме!

***

 Біздің жұрт бостандық, теңдік құрдастық, саясат ісін ұғынбаса, тарих жолында тезек теріп қалады.

***

Бақыт пен махаббаттан тысқары болады:
Бұл екеуі жоқ жұртқа тіршілік не керек?!

***

 Адам баласы – нәпсінің құлы: маңдайы тасқа тимей тоқтамайды!
 Бұл хаттың (В.П.Короленконың «Крест һәм жарты ай» хаты – Е.Ш.) әдемілігі сондай – менің қаламыма сыймайды! Бұл хатты маған переводтау – күнә!

***

Ер жігіттің белгісі – адасқанын мойнына алғаны.

***

Дүниеде адам баласы айналып өтпес екі-ақ көпір бар: бірі – өлім, бірі – махаббат.

***

Халық ісін орнына салуға көп ақыл, көп қызмет, көп жолғы шебер істеген әдіс керек. .

***

 Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса-
Халықтық мақсат сонда орындалады.

***

 Ән-өлең, күй адамның анық тілі, шын тілі, көпке бірдей ұғымды тілі.

 ***

 Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана.

***

 Жалпақ жұрттың көкірегінде жақсылық болмаса жұрт – жұрт боп тіршілік жасап жүрмек емес.

***

Жаңа заман адамнан ақыл күтеді.

***

 Жұрт ғаділ болмай жұрт ісі ілгері баспайды. Өзін-өзі қасқырша шауып отырған жұртта оқу, шеберлік болмайды.

***

 Көкіректе сайрап тұр, қолымды заман байлап тұр.

***

«Қазақ» деген сөздің мағынасын тарих кітаптары анық қып айтып бере алмайды.

***

Қазақ жұрт боламын десе өз ішіндегі екі қазақтың жер дауын құртуы керек қой.

***

 Қазақты ақ жолға саламын десең істің астарын қарастыр, істің сырты жай ғана бел көрсету.

***

«Кадет партиясының мақсаты – ұлттық автономия жариялауға қарсы болғандықтан да, Алаш идеясына сәйкес келмегендіктен де, оның құрамынан шығамын»

***

 «прокламацияға байланысты қазақтың әйгілі игі жақсыларын, молдалары мен жаңаша оқыған мұғалімдерін алғаш рет саяси тұрғыдан ресми тінтіді. Кітаптары, хат – жазбалары тәркіленді. Бірақ, оларды 2-3 жылдан соң азаттың күндері қайтарып берді. Наурызбай Таласұлы шәкірттерімен бірге жер аударылды»

***

 «Бар малды атқа шақса, 20 ат болса, осындай байлық қазынасы бар қазақты статистика ғылымы орта шаруалы қазақ үйі – шаңырағы дейді. Бай мұнан жоғары, кедей мұнан төмен. Төмен қазақ малын шаңыраққа есеп қылса, бір шаңыраққа 20 ат есебі мал қазынасы келеді. Бұл 20 ат орта қазақ байлығы ғылым жолының қарауылы. Бұл қарауыл атқаратын қызметі кездеме кездегендегі кез, бидай пұттағандағы пұт қызметі. Нақ мал қазынасы 20 ат болатын қазақ шаруасы 70 процент – ақ, бай қазақ 8 процент, қалған 17 процент қазақ кедей тонын киіп жүр. Орта мал казыналы қазақ үй басы бір жылда 100 сомға мал, жүн, тері сатады. Киімнің жартысын бір жылда жаңаласа 50-60 сомға пұл, 24 сомға шай, қант алады. Бұл есеппен бір жылғы бір үйдің алып – саттығы орысша обороты 17 400 сом болады. Бір ауылнай қазақ 100 үй болса, бұл ауылдың алып – саттығы 17 400 сом болады. Ана Бөрте қазағы бастаған игілік ісіне ауыл болып кіріссе, 17 мың 400 сом үстінде жүрген пайда халыққа қалады… Игілік ісі болған бір ауыл халықтың қалтасында аз дегенде 1 мың 740 сом қалады»