(1894-1938)
Алғашында өз әкесінен, ауыл молдаларынан сауат ашқан. Қарағаш ауылында жәдитше бастауыш мектепті бітіреді. Болашақ ақынның бұдан соңғы біраз уақыты ауылда өтеді. Орта жүздің Найман тайпасының Матай руынан шыққан.
1919 жылы. Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі.
Оны бітірген соң өз ауылында мұғалім болып, кейін «Тілші» газетінде қызмет атқарады.
1922 жылы Верныйдағы (Алматыдағы) Қазақ ағарту институтының меңгерушілігіне тағайындалады.
1925 жылы Мәскеудегі Журналистика институтына оқуға түсіп;
1928 жылы бітіріп шыққан соң, «Еңбекші қазақ» газетіне қызметке жіберіледі. Жансүгіров шығармалық жұмыспен қатар Қазақстан Жазушылар одағын ұйымдастыру ісіне де белсене қатысқан.
Бұрынғы ҚазАПП (1926) таратылған соң 1932 жылы Жазушылар одағын ұйымдастыру комиссиясының төрағасы болып сайланып;
1934 жылы өткен 1-съезге дейін қызмет істейді. Съезде Қазақстан жазушылар одағының алғашқы төрағасы болып сайланды.
1934–1937 жылдары Қазақ саяси баспасының редакторы, сонымен бір мезгілде;
1933–1936 жылдары Қазақ АКСР-і ОАК-нің мүшесі болды.
1937 жылы жалған саяси айыппен тұтқындалады.
1938 жылы ату жазасына кесілген.
1958 жылы ақталды.
Сыр түйіні- ақиқат,
Ақиқат шындық көпке ортақ.
Күй тілі – көп заманның алуан ісі,
Күйлердің әлемге аян бар мәнісі.
Өмірді күймен бірге қоса алмайтын,
Кер құлақ, көрсоқырлар алданысы.
***
Менің қаламым, қайратым – социалистік дәуірдегі әдебиеттің қызметкері. Қолыма қалам алғаннан бері сүйіп жырлап келе жатқаным – елім, кең далам.
***
Білім мөлшерім, өмір соқпағым шет жүұрттың әдеби қазынасымен танысуға әлі мүмкіндік бермей келеді.
***
Очерк – әдебиеттің бүгінгі ең бір керекті түрі. Қазіргі өмір қарқынына, құрылыс қарқынына күнбе-күнгі сәйкес әдебиет түрі. өткір қалам, екпінді стиль, дәл сурет, көпшілікті тез ұйымдастырушы пікір.