(683-734)
Көне түрік бітік т: Bilge qaγan; қыташа: Бике кэхань, «Могилян». Түрік Елінің 717-734 жылдары билік құрған қағаны. Ол 683 ж. Орхон өзенi бойындағы Өтүкенде туған. Құтлық (Елтеріс) қағанның үлкен ұлы, Күлтегіннің ағасы. Шешесі Елбілге қатұн. «Ачынұ» текті. Түрiк Елінің бiрегей тұлғасы атанған ол iнiсi Күлтегiнмен бiрге елдің қамы, жердің тұтастығы үшін күресіп, көшпелiлер тарихында ұлы империяның іргесін бекітті. Ол күллi көшпелiлер империясының тұғырын сомдап, түрiк тектес этностардың бiрлiгiн сақтай отырып, елдiң мұңы, жердiң қамы үшiн «түнде ұйықтамай, күндiз отыра алмай» күресті. Бiлге қаған 9 жас кезiнде әкесi Құтлық (680-692 ж.) қайтыс болады. Түрік Елінің тағын оның iнiсi Қапаған /Қабаған/ (692-716 ж.) иеленеді. Қапағанның iнiсi Бөгүден (716 ж.) кейiн таққа отырған Бiлге қаған 19 жыл билік етеді. Бiлге қаған 13 жасында шад атағын алады. 17 жасында Таңғытқа, 18 жасында алты чұб, табғач, он тұтыққа жорық жасап жеңiске жеткен. Одан қырғыз, түргеш, қарлық, тоғыз оғыз және т.б.елдерге жорық шабуыл жасаған. Ескерткiш қазiргi Моңғолия елiнiң астанасы Ұланбатырдан 400 км батыс-оңтүстiкте, ежелгi Қарақорым қаласынан 45 км солтүстiкте Орхон өзенiнiң сол жағалауындағы кең далада Күлтегін ескерткіш кешенінен оңтүстік-шығыста 500м. жерде орналасқан. http://atalarmirasi.org/22-bilge-qaghan-ghuryptyq-kesheni-zhane-bitiktasy
***
Ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ.
***
Біз көктен жаралған, көктің ұлы – түркі жұрты боламыз.
***
Дарақылық үмітіңді үзіп, қанатыңды қияды.
***
Егер ел басшысы тоңмойын һәм сатқын болмаса – елдің бағы.
***
Нағыз ер «дүние-мал» деп дірілдемес болар.