Абай Құнанбаев
Мықтымын деп мақтанба ақыл білсең,Мықты болсаң өзіңнің нәпсіңді жең.
Мықтымын деп мақтанба ақыл білсең,Мықты болсаң өзіңнің нәпсіңді жең.
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,Пайдасын көре тұра тексермедім.Ер жеткен соң түспеді уысыма,Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Әуелде бір суық мұз ақыл зерек,Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық,Бұл қайраттан шығады, білсең керек.Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,Сонда…
Жолдастық, сұхбаттастық бір үлкен іс,Оның қадірін жетесіз адам білмес.
Жаман дос көлеңке,Басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың,Басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың
Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,Қызық келсе қызықпа, оңғаққа ерме,Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме.
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,Үннің тәтті оралған мәні оятар.Кейі зауық, кейі мұң, дертін қозғап,Жас балаша жүректі жақсы уатар.Әннің де естісі…
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,Ер табылса, жарайды қылса сұхбат.