Абай Құнанбаев
Болмасаң да ұқсап бақ,Бір ғалымды көрсеңіз.Ондай болмақ қайда деп,Айтпа ғылым сүйсеңіз.
Болмасаң да ұқсап бақ,Бір ғалымды көрсеңіз.Ондай болмақ қайда деп,Айтпа ғылым сүйсеңіз.
Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп,көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы,жаманды да таниды-дағы,сондайда білгені, көргені көп адам білімді болады.
Адамға ғылым-білімді көбейтуге екі қару керек: бірі – пікірлеспек,екіншісі – берік сақтау.
Адамның қызықты нәрсесін іздеген кезі- өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалады.
Басына һәм өзіне өзгешелік бермек-адам ұлын бір бұзатын іс.
Біреуді ызаландырмақ-шариғатқа, шаруаға залал, ақылға теріс.
Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойыныңа салып, сөгіп қылған қысымның аты.
Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады.