Әл-Фараби
Өнердің теориясын меңгеру дегеніміз - өнерге қатысты мәселелерді ақыл арқылы ұғыну және талғам қабілетін игеру.
Өнердің теориясын меңгеру дегеніміз - өнерге қатысты мәселелерді ақыл арқылы ұғыну және талғам қабілетін игеру.
Дұрыс әрекет – мақсатқа жеткізер жолды дұрыс таңдаудан басталады. Ең тамаша әрекет – бақытқа қол жеткізетін еркіндік
Адамның жақсы әрекеттер жасауға да, жаман әрекеттер жасауға да туабітті мүмкіндігі мен қабілет-қарымы жетеді.
Қандай әрекет жасап, қандай іс істер болсаңыз да – игілігін көріп, рахатына бөленуді мақсат тұтқан жөн.
Өз ісінің білгірі һәм шебері атану үшін жақсы жұмыс істеп, жетік білуге ұмтылу керек.
Ізгі және қажетті шаруа атқарған адамның бәсі де жоғары болуы керек.
Адамның тәндік жаратылысының дамуының негізгі көрсеткіші – денінің саулығы.
Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсесін ұмытпайтын… алғыр…
Ән және оған қатысты нәрселер сезіммен, қиялмен және санамен бірдей байланысты болады.