Абай Құнанбаев
Жолдастық, сұхбаттастық бір үлкен іс,Оның қадірін жетесіз адам білмес.
Абай Құнанбаев
Жаман дос көлеңке,Басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың,Басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың
Абай Құнанбаев
Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,Қызық келсе қызықпа, оңғаққа ерме,Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме.
Абай Құнанбаев
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,Үннің тәтті оралған мәні оятар.Кейі зауық, кейі мұң, дертін қозғап,Жас балаша жүректі жақсы уатар.Әннің де естісі…
Абай Құнанбаев
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,Ер табылса, жарайды қылса сұхбат.
Абай Құнанбаев
Тағыны жетіп қайырған,Толғауы тоқсан қызыл тіл,Сөйлеймін десең өзің біл.
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Тән сезіп, құлақ естіп, көзбен көрмек,Мұрын иіс, тіл дәмінен хабар бермек.Бесеуінен мидағы ой хабар алып,Жақсы, жаман әр істі сол тексермек.
Абай Құнанбаев
Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы,Қиыннан қиыстырар ер данасы,Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы.Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,Ол ақынның…