Абай Құнанбаев
Адамға ғылым-білімді көбейтуге екі қару керек: бірі – пікірлеспек,екіншісі – берік сақтау.
Адамға ғылым-білімді көбейтуге екі қару керек: бірі – пікірлеспек,екіншісі – берік сақтау.
Адамның қызықты нәрсесін іздеген кезі- өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалады.
Басына һәм өзіне өзгешелік бермек-адам ұлын бір бұзатын іс.
Біреуді ызаландырмақ-шариғатқа, шаруаға залал, ақылға теріс.
Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойыныңа салып, сөгіп қылған қысымның аты.
Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады.