Біз көктен жаралған, көктің ұлы – түркі жұрты боламыз. Білге қаған
Ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ. Білге қаған
Келген қонаққа достық көңіл, қонақжайлық пейіл таныту – үй иесінің борышы. Тоқсары
Ерлік жасағанның атасын сұрап алаламас болар. Тоқсары
Ерлігі бар – елге жағар. Тоқсары
Қанмен бекітілген достықты жаннан безген жаман бұзады. Тоқсары
Қиындықта қол бергеннен асқан берік достық жоқ. Тоқсары
Досқа адалдық - рухқа адалдықпен бірдей. Тоқсары
Рух өлмейді, рух көшеді. Тоқсары
Достық туралы көп сөзден, достық пейілді бір іс артық. Тоқсары