Абай Құнанбаев
Ақырын жүріп анық бас,Еңбегің кетпес далаға.Ұстаздық еткен жалықпас,Үйретуден балаға.
Ақырын жүріп анық бас,Еңбегің кетпес далаға.Ұстаздық еткен жалықпас,Үйретуден балаға.
Қайратсыз ашу -тұл,Тұрлаусыз ғашық тұл,Шәкіртсіз ғалым тұл.
Бақпен асқан патшадан,Мимен асқан қара артық.Сақалын сатқан кәріден,Еңбегін сатқан бала артық.
Талап, еңбек, терең ой,Қанағат, рахым ойлап қой,-Бес асыл іс көнсеңіз.
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.
Мықтымын деп мақтанба ақыл білсең,Мықты болсаң өзіңнің нәпсіңді жең.
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,Пайдасын көре тұра тексермедім.Ер жеткен соң түспеді уысыма,Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Әуелде бір суық мұз ақыл зерек,Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық,Бұл қайраттан шығады, білсең керек.Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,Сонда…