Қорқыт
Ұл ақылды хош көрмес – ата үлгісін көрмесе,Қыз жарытып ас бермес – ана үлгісін көрмесе.
Ұл ақылды хош көрмес – ата үлгісін көрмесе,Қыз жарытып ас бермес – ана үлгісін көрмесе.
Сауыттың қасиеті – қылышпен ұрғанда,Аттың қасиеті – жаудан алып шыққанда көрінер.
Ат жемейтін ащы шөптің шыққанынан шықпағаны игі,Адам ішпес ащы судың аққанынан ақпағаны игі,Атасының атын шығармаған жігерсіз ұлдың –туғанынан тумағаны игі.
Ұлдың күні күн емес – атадан мал қалмаса,Ата малы пұл емес – баста ақыл болмаса.
Қанша қалың жауғанмен, Қар көктемде қалмайды.Гүл жайнаған қалың да, Қара күзге қалмайды.
Адам өмірі-қамшының сабындай ғана қысқа екен, досы көп, ұрпақ тәрбиелеген ұтады екен.