Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Үннің тәтті оралған мәні оятар.
Кейі зауық, кейі мұң, дертін қозғап,
Жас балаша жүректі жақсы уатар.
Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді,
Тыңдағанда көңілдің өсері бар.
The current query has no posts. Please make sure you have published items matching your query.
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат.
Тағыны жетіп қайырған,
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл.
Тән сезіп, құлақ естіп, көзбен көрмек,
Мұрын иіс, тіл дәмінен хабар бермек.
Бесеуінен мидағы ой хабар алып,
Жақсы, жаман әр істі сол тексермек.
Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы,
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы.
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол ақынның білімсіз бейшарасы.
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын,
Қазақтың келістірер қай баласы.
Жиналған ақпарат
1
Өсиет
493
1
Ғұлама
17
1
Өмірбаян
25
1
Мағына
125
Ғұламалар өмірбаяндары
Copyright © 2024 Ұлы дала өсиеті | Шымкент қаласы химия-биология бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігі