Сенде жау көп, ал менің дұшпаным жоқ. Егерде сен асыл тастарыңды лақтырып тастап, садақ пен қорамсақты ғана асынып, сақтардың ішінде ғана өмір сүрсең, онда мен сияқты сен де еркіндікте жүрер едің.
Сенің сенгенің — сыбызғы сырнай мен ақшалы әмияның, Менің сенгенім — садақ пен жебе. Сондықтан да сен — сауықшыл дүниенің құлысың, ал мен — еркін азаматпын.