ТОНЫКӨК

(646-741)

Оғыз тайпасынан шыққан. Заманында Түркі қағанатының үш бірдей қағанына уәзір болған. 683 жылы Құтылықпен бірігіп, табғаштарға қарсы көтеріліске шығады. Көтерілісшілер жеңістен жеңіске жетіп, ұзамай әйгілі Екінші Шығыс Түркі қағанатының шаңырағын көтереді. Құтылығты «Ел төресі» деген атпен қаған етіп сайлайды. Құтылығ қаған өлгеннен кейін қаған болған інісі Қапағанға да сенімді серік, білікті ақылшы болып, адал қызмет етеді. Қапаған қарамағындағыларға аяусыз қатыгездікпен қарайды, сондықтан тайпа көсемдері қағанына өкпелеп, жырыла көшпекке қам жасайды. Қағанат құлауға айналады. Күлтегін батыр Қапаған қағанның бүкіл ұрпағын қырып тастап, ағасы Могилиәнді (Білге қаған) қаған тағына отырғызды. Таққа отырған Могилиән Тоныкөктің көрегендік ақылымен тұс-тұстан анталаған жауының бәрін жеңіп, құлауға айналған қағанатты қалпына келтіреді. Білге Тоныкөк өзінің бағасын, тарихтағы орнын өзі қашатып, жаздырып кетті. Тарихшылардың айтуына қарағанда, ол 741 жылдың шамасында 95 жасқа жетіп қайтыс болған тәрізді. https://adebiportal.kz/kz/authors/view/2426

Описание

ТОНЫКӨК

 

(646-741 )

  Ақыл иесі – сөз иесі.  

***

  Қағаны батыр, ақылгөйі кемеңгер елдің бағы жанады.  

***

  Ел қамын жеген ер –басшы.  

***

  Қаған парызы –халқын тойдырып, мерейін өсіріп отыру.  

***

  Жұқаны таптау оңай, жіңішкені үзу оңай.  

***

  Жауыңды басындырма, халқыңды ашындырма.  

***

  Түнде – ұйқы көрмедім, күндіз – күлкі көрмедім; қызыл қаным төгілді, қара терім сөгілді; күшімді сарқа жұмсадым, жауға да шаптым құрсанып – бәрі елім үшін!  

***

  Біріккен батыр жау алар.  

***

  Ердің жеңілгені – елдің жеңілгені.  

***

  Жеріңді жат баспаған.  

***

  Жұқаны таптау оңай, жіңішкені үзу оңай  

***

  Жершіл жігіт жол табар.  

***

  Ер жігіт жолын сүңгімен ашады.  

***

  Қол қосылса, күш асар.  

***

  Аяқтан шалма, қапыда қалма.  

***

  Жан беріп, жан алысар жорықта, жауым көп деп қорықпа.  

***

  Жауың басынса, жолың жабылар.  

***

  Күші толып, кемеліне келмесе ел  

***

  Күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмес ер.  

***

  Қағансыз ел кіріптар.  

***

  Пәтуасыз ер елге сор.  

***

  Бүлдіруші бар жерде мұң да бар.  

***

  Жауға қарсы шаппаған, аяғына жығылар.  

***

  Ердің жеңілгені – елдің жеңілгені.  

***

  Жеңілістің өзінен де ұяты жаман.  

***

  Қаған парызы – халқын тойдырып, мерейін өсіріп отыру.  

***

  Мен Тоныкөк Білгемін, Табғаш –жұртым ол менің  

***

  Әрлі-берлі босқан ел, Қайта басын қосқан ел. Жеті жүздей болды олар, Қалай енді ел болар!  

***

  Халық шадты қарсы алды, Ол халыққа жар салды: «Бірігіңдер!» – деді ол, «Кірігіңдер!»- деді ол. Мен –Тоныкөк Білгемін, Біріккенмен біргемін!  

***

  Түркі келіп жатыр деп, Тоныкөк келіп жатыр деп, Түстіктен ел жиналды, Батыстан ел жиналды. Шығыстан ел жиналды.  

***

  Мен –Тоныкөк Білгемін. Алдын ала білгенмін Алтын тауды аттадым, Талай жерді таптадым. Ертелі-кеш ат үсті, Көшіп келдік Ертіс-ті. Шаруа біздің біткен жоқ, Олар бізді күткен жоқ  

***

  Қай қағанат болса да, Көңіл қанша толса да, Елдің шырқын бұзуға, Елдің ғұрпын бұзуға Бір сұмырай жетеді, Тыныштығың кетеді