Тоныкөк

Әрлі-берлі босқан ел,
Қайта басын қосқан ел.
Жеті жүздей болды олар,
Қалай енді ел болар!

Халық шадты қарсы алды,
Ол халыққа жар салды:
«Бірігіңдер!» – деді ол,
«Кірігіңдер!»- деді ол.
Мен –Тоныкөк Білгемін,
Біріккенмен біргемін!

(Тоныкөк)