КҮЛТЕГІН

(684-731)

Күлтегін (684 – 731 жж.) — Екінші Шығыс Түрік қағандығы (Қапаған және Білге қағандар дәуіріндегі) әскерінің бас қолбасшысы, «көк түркінің көк семсері» атанған атақты батыры, Құтлық қағанның кенже баласы. Ол әкесінен 7 жасында жетім қалып, ағасы Қапаған қағанның тәрбиесінде өседі. Күлтегін тым ерте есейіп, қабырғасы қатып, бұғанасы бекімей жатып, жау жарағын асынып, тұс-тұстан төнген жауға үлкендермен бір қатарда тұрып ерлікпен айқасады. Міне, осыдан былай Күлтегіннің ерлік жолы басталады. Ағасы Білге қаған және Тоныкөкпен бірге ел тәуелсіздігін сақтап қалу жолында аянбай тер төгеді. Күлтегіннің ерлігін батырдың өзіне арнап орнатылған ескерткіштегі жазулардан анық аңғаруға болады. Ескерткіште сол дәуірдегі қырғын соғыстардың бірде біреуі Күлтегінсіз өтпегенін, дулығасы жарқырап, жауын жапырып, қан майданның ортасында жүргенін, соның бәрінде ол жауына жасындай тиіп, түркі әскерін жеңіске жеткізіп отырғанын тамсана баяндайды. Тарихи құжаттарға жүгінсек, оның әскерінде миллионға жуық салт атты сарбаз болған. Күлтегін батыр 47 жасында қайтыс болады.

Описание

Тату елге – тыныштық пен тоқшылық нәсіп.

***

Халқына бегі, бегіне халқы сенген ел ұзақ жасайды.

***

Елің үшін мақтан, елің үшін қайғыр.

***

Түркі халқы жойылмасын, ел болсын.

***

Билеушісі біліксіз елдің жұрты жалтақ келеді.

***

Жаратқан жар болса, жеңістің жолы ашылады.

***

Бек ұлдарың құл болмағай,Пәк қыздарың күң болмағай!

***

Күшке күш қосылса – құп,
Елге ел қосылса – құт.

***

Қағаны кекшіл елдің халқы бүлікшіл келеді.

***

Қағанынан айырылған ел – ғаріп, иесінен айырылған жер – ғаріп.

***

Елін сүйген ер бақытты.

***

Алтынды, күмісті, дақылды, жібекті соншама шексіз беріп жатқан табғаш халқының сөзі тәтті, бұйымы асыл еді. (Олар) тәтті сөз, асыл қазынасын беріп, жырақтағы халықты (өзіне) сонша жақындатар еді. Жақын қонып, сосын (олардан) әдепсіз қылықты үйренер еді.

***

Өлімші халықты тірілттім
Жалаңаш халықты тонды,
Кедей халықты бай қылдым
Аз халықты көп қылдым,
Тату елге жақсылық қылдым.

***

Бектерінің, халқының ымырасыздығынан, інілі-ағалы дауласқандығынан, бекті-халқының жауласқандығынан түрк халқы елдігін жойды, хандығынан айырылды.

***

Мұқият тыңда, терең ұқ.
Аштықта тоқтықты білмейсін,
Бір тойсаң аштықты білмейсің.
Қол қосылса, күш өсер.

***

Өлімнен ұят күшті.

***

Жырақ тұрғанға-жаман сыйлық,
Жақын тұрғанға-жақсы сыйлық.

***

Бөрідей батыл ердің дұшпаны қойдай қырылар.

***

Бегі мен халқының ынтымағы жоқ жерде, дұшпанының алдауына сенген, арбауына көнген жерде, інісі мен ағасы дауласқан, бегі менен қарашасы жауласқан жерде ел елдігінен айрылады.

***

Халқын жұтатпаған қаған бақытты.

***

Тағдыр – тәңірі ісі.

***

Адам баласының бәрі де өлгелі жаралған.

***

Көтерген де – тәңірі, ел берген де – тәңірі.

***

Қаған ел құрар.

***

Кедейді бай, азды көп қылмақ парыз.

***

Қағаны кекшіл елдің халқы бүлікшіл келеді.

***

Отша жайпап, бөріше бүру.

***

Көзде – жас, көңілде – шер.

***

Іші ассыз, сырты тонсыз.

***

Ел ұстап, заң жасаған.

***

Тізесі барлар бүгілер, басы барлар жүгінер.

***

Бек ұлдарың құл болмаған, пәк қыздарың күң болмаған!

***

Ері жоқ елдің күні қараң.

***

Қаның судай ақты, сүйегің таудай жатты.

***

Күшке күш қосылса – құп, елге ел қосылса – құт.

***

Ағасын танымаған іні азар, атасын танымаған ұл азар.

***

Қаруы бар қалың қолды қақыратар,
Найзасы бар қызыл қаныңды шашыратар.

***

Көктен тәңірі баспаса, жер айырылып жатпаса,
кім қорлар қалың түркі елін?!

***

Найза бойлар науша қар.
Қайғы: көрер көзім көрместей, білгір ақылым білместей болды.

***

Биікте көк тәңірі, төменде қара жер жаралғанда –
екеуінің арасында адам баласы жаралған; адам баласы үстіне – Бумын қаған мен Істемі қаған отырған; отырып, түркі халқының ел-жұртын қалыптастырған, иелік еткен.

***

Інің ағаңдай болмас, ағаң атаңдай болмас.

***

Билеушісі біліксіз елдің жұрты жалтақ келеді.

***

Түркінің қасиетті жер-суының қарғысына қалма!

***

Жаратқан жар болса, жеңістің жолы ашылады.

***

Бас иесіз ел тозар.

***

Зердесіз қаған ел билесе – сол жаман,
Әлсіз қаған ел билесе – сол жаман.

***

Білмегенге – ермеген.

***

Жауыңды жеңу – бір басқа, жауықпас ету – бір басқа.

***

Айбарлы қағанның аты да жау қашырады.

***

Халқын асырау қағанға парыз.

***

Қаған үшін еліне қарулы жау келтірмегеннен асқан мерей жоқ.

***

Қағанын сатқан халықты тәңірі де жаратпайды.

***

Көлгірдің күні қараң.

***

Түзу жолдан шыққанға темір қамыт тұр әзір.

***

Кетіскеннен кектескен жаман.

***

Шағыстырған да – бір, шабыстырған да – бір.

***

Жау да – бір, жыртқыш та – бір.

***

Елі сүйген ер бақытты.

***

Жаратқан жар болса, жеңістің жолы ашылады.

***

Көкесіндей інісі
Бола алмады, әрине.
Әкесіндей баласы
Бола алмады, әрине.
Атасындай немере
Бола алмады, әрине.
Ақылдыдай ақымақтар
Бола алмады, әрине.
Батырлардай қорқақтар
Бола алмады, әрине
Бүкіл түркі ақыры
Қала барды зар илеп

***

Әкем өліп, жетіде
Жетім қалған Күлтегін
Анам Ұмай бағына
Ер атанған Күлтегін
Он алтыда ағамның
Елі-жұртын көбейтті
Алдындағы қағанның
Жерін әбден кеңейтті.
Соғдыларға аттанды,
Талқандадық, мақтандық.
Оңтұтық пен Табғашты
Қудық біздер, жау қашты.

***

Күлтегін оттай лаулады,
Елдің дауын даулады.
Тырп еткізбей қамадық,
Талаудайын таладық
Жан-жағынан қыстадық,
Оңтұтықты ұстадық.
Көсемдерін қарулы
Көрер күнге зәру ғып,
Тадық чурдың алдымен
Боз атын мініп заулады.

***

Бүкіл түркі халқы үшін
Түн ұйқымды төрт бөлдім,
Жанып-күйдім, өрт болдым.
Күлтегінім қасымда,
Екі шад та осында,
Аттап барлық кесірді,
Мен халқымды өсірдім.
Дауыл өшті, жел қайтты,
Өрісімді ұлғайттым.
Тынышталды ит-құсы,
Болдым елдің ұйтқысы