ҚОРҚЫТ
( ІХғ.)
Қобыз атасы деп табылады, композитор, жыршы, ақын, музыкант, бақсылардың қамқоршысы. Қорқыт ата түрік дәстүрін, салтын, әдетін, сенімдерін, басқа халықтардан айырмашылығын, қысқасы, қоғамдық мінездемесін ертегілерінде айтқан, оны бүгінге дейін әдемілеп жеткізген ұлы өнерпаз. Туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Өмір сүрген ғасыры да даулы. Кейбір зерттеушілер оның Әзірет Пайғамбар заманында жасағанын айтады және ғылыми еңбектерінде бұл пікірді дәлелдейтін дастан бөлімдерін келтіреді. Ал кейбір зерттеушілер Қорқыт Атаның Оғыз түріктерінің ертекшісі және дастаншысы болғанын айтып, Қорқыттың бүгін қолымыздағы 12 дастан-хикаясынан пікірлерін дәлелдейтін деректер келтіреді. https://adebiportal.kz/kz/authors/view/2263
Описание
Көп қорқытады, терең батырады.
***
Ұл – атаның сыры, екі көзінің нұры.
***
Ананың қақы – құдайдың қақы.
***
Тәкаппарлықты – Тәңір сүймес
***
Адам өмірі-қамшының сабындай ғана қысқа екен, досы көп, ұрпақ тәрбиелеген ұтады екен.
***
Адам баласы керуен сияқты: тоқтады, көшті де кетті.
***
Өлгендер қайтып келмейді,
Шыққан жан қайтып енбейді.
***
Қанша қалың жауғанмен, Қар көктемде қалмайды.
Гүл жайнаған қалың да, Қара күзге қалмайды.
***
Құстың қонар жерін су білер,
Малдың барар жерін ну білер
***
Ұлдың күні күн емес – атадан мал қалмаса,
Ата малы пұл емес – баста ақыл болмаса.
***
Қанша байлық жисаң да – бұйырғаннан артық жей алмайсың.
***
Ат жемейтін ащы шөптің шыққанынан шықпағаны игі,
Адам ішпес ащы судың аққанынан ақпағаны игі,
Атасының атын шығармаған жігерсіз ұлдың –
туғанынан тумағаны игі.
***
Сауыттың қасиеті – қылышпен ұрғанда,
Аттың қасиеті – жаудан алып шыққанда көрінер.
***
Ұл ақылды хош көрмес – ата үлгісін көрмесе,
Қыз жарытып ас бермес – ана үлгісін көрмесе.
***
Ескі темір біз болмас, тозған мақта бөз болмас.
***
Ежелгі жау ел болмас, өткен өмір оралмас.
***
Есекті жүгендегенмен ат болмас.
***
Ақын тілді. Ат тұяқты келеді.
***
Атасыз ұл ақылға жарымас,
Анасыз қыз жасауға жарымас.
***
Анадан өнеге көрмеген қыз жаман,
Атадан тағлым алмаған ұл жаман.
***
Инабатты болса – әйел көрікті,
Ақсақалы жарасса – шал көрікті,
Сүйікті болса – ағайын көрікті,
Үлкен шаңырақтың жанында отау көрікті
Жібек шатырдың жібі көрікті.
Өнегелі болса бала көрікті.
***
Бас аман болса, бөрік табылады.
***
Ат шабады, ер шаттанады.
***
Жалғыз жігіт қол болмас.