ҚОЖА АХМЕТ ИАССАУИ

(1103-1166)

Ежелгі Сайрам (Испиджаб) қаласында дүниеге келген Яссауи рухани тәрбиенің алғашқы сабақтарын өз әкесі Ибрахим шайхтан алады. Әкесі дүниеден өткен соң, Арыстан баптан аманат-ілімді қабылдаған болашақ Түркістан пірі біршама уақыт Йасы (Түркістан) қаласын мекен етеді. Есейе келе ілім іздеп, өз хикметтерінде айтылғандай, «Хорасан, Шам, Иракқа сапар шеккен» Яссауидің өмір жолын бірқатар деректер Бұхаралық атақты сопы Жүсіп Хамаданимен байланыстырады. Өз дәуірінің көрнекті ғұламаларымен, мәшһүр сопыларымен сұхбаттас болған, сопылық тәжірибесін жетілдіріп, рухани кемелдену сатыларын өткерген ақын толысқан шақта Йасыға оралады. Сонда тұрақтап, тариқат ілімін таратады, өзінің ғибратты хикметтерімен мәшһүр болады. Өмірін Алла жолына арнаған, сансыз көп шәкірт тәрбиелеп, рухани кемелдікке жеткізген Яссауи 63 жасқа келгенде «Мұстафаға матам /аза/ тұтып» жер астындағы құлшылық мекеніне – қылуетке түседі. Сопы ақын өмірінің неше жылға созылғаны бәймәлім, бұл жайында тек аңыздарда келтірілетін Яссауидің өзі айтты делінген: «Жер бетінде неше жыл өмір сүрсем, жер астында да сонша жыл өмір сүремін» деген сөзі мен «Жүз жиырма беске кірдім, біле алмадым» деген хикмет жолдары ғана сақталған. Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы – «Диуани Хикмат». (Хикмат жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 ж. жеке кітап болып басылып шығады.

Описание

Әманда сауап жаса.

***

Не болса да, сабыр қыл.

***

Табиғаттың шарты иман.

***

Сүйсең, халықты сүй!

***

Қызмет еленбей қалмайды.

***

Алланы айтып тәубе қыл, Алланы ойла.

***

Тәубесі бардың, нұры бар.

***

Өткендердің ғибрат ісін ал ойға.

***

Жақсыдан ғибрат ала бергеннің ісі оңға басады.

***

Қиын да болса, түзу жолмен жүр.

***

Ақиқат алауы да өртей алады.