АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ

(1845-1904)

Абай бала кезінде ширак, пысық болмағанымен, елдегі шешен, ақын, ертегішілер әңгімесін тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен ерекшеленген, Шортанбай, Дулат, Бұқар жырау, Марабай, Шөжелерді тыңдап өскен. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін ортада өскен кісі. Оның ағасы (әкесі Тұрланның інісі) Тонтайдың өлерінде кожа-молдаларға карап: “Жазыла-жазыла қожа-молдадан да ұят болды, енді өлмесек болмас”,—дегені халық аузында мәтел болып кеткен. Құнанбай кажыныңда кеңінен толғап сөйлер тереңдігі, өз тұстастарының ғана емес, шетелдік саяхатшылардың да назарына іліккен; Құнанбай қажы “Ескітам” деген қоныстан медресе салдырып, өзінің және туыстарының балаларын окытқан. Абай сегіз жасында өуелі сол “Ескітам” медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы Ғабит-ханнан оқыған. Әкесі онын зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқо толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Онда 3 жыл окыған, Медресенің үшінші жылында ол осы қаладағы “Приходская школаға” да қосымша түсіп, онда 3 ай орысша оқиды. Бұл тұста М.О. Әуезовтің “Өзі тұстас үлкен-кіші балалардың барлығынан сонағұрлым зейінді, ұғымтал жөне ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша кітапты молдасының бір окып, бір-ақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кі-тапка қарамай жатқа айтып шыға алатындай зерек бола-ды. Сонымен дәріс үстінде оқылатын сабақтарды ұғып білу Абайға өзге балалардан анағүрлым оңай тиген. Көп уақытын алмаған. Сондықтан барлық артылған уақытын Абай өз бетімен өзі сүйген кітаптарын оқуға жұмсап, көп ізденуге салынады. …Оқуға кірген соң-ак, тез есейіп, ілім қуған кісінің калпына оңай түсіп кеткен. Оқыған кітаптың көбіне сынмен карай білетін, сезімді окушы бола бастаған. Өзінің әбден сүйіп, тандап оқыған ірі акындары болады. … Сол бала күнінде жаттаған кейбір өлеңдері ұлғайып, көрілікке жеткен уақытына шейін есінен шықпаған, ұмы-тылмаған” деген тұжырымы болашақ ұлы ақынның калып-тасу кезеңін айғақтайды. Құнанбай Абайдың өзге балаларынан ерекше зеректігін ерте сезіп, оны әрі карай оқытпай кайтарып алып, ел ісіне араласуға баулиды. Сөйтіп 13 жастағы Абай әке ықпалымен әкімшілік-билік жүмыстарына араласады. Ол әке касында болған жылдарда қазақ даласындағы әлеуметтік өмір қайшылықтарын жан-жақты тани түседі. Патша үкіметінің отаршылдық саясаты мен оның аярлығын түсінбей өзара қым-қиғаш айтыс-тартыска түскен, танымы таяз болыстар мен ел билеушілеріне қарсы күресуге бел буған Абай болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады. 1875 — 78 ж. Қоңыркекше еліне болыс болады. Бұл жылдары ез қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразысын тең үстауға кұш салды. Абай кейіннен, 1886 ж. Е.П. Михаэлистің ұсынысымен, Семей облыстық статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды. Абай 1880 ж. И. Долгополов, А. А. Леонтьевпен танысып, олармен тығыз қарым-қатынаста болған. Абай ел ісіне араласқан жылдарыңда әділеттілгімен, білімділігімен көрініп, халық арасында беделі өседі.”

Описание

Иман сақтауға – қорықпас жүрек,
Айнымас көңіл, босамас буын керек.

***

Құдайдан – қорық, пендеден – ұял:
балаң бала болсын десең оқыт, мал аяма!

***

Атасының баласы – адамның дұшпаны,
Адамның баласы – бауырың.

***

Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың, адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың.

***

Үміт үзу – қайратсыздық.

***

Ақсақалды ауыл азбас.

***

Ақыл, сезім болмаса, тіршіліктің несі сән.

***

Адамды сүй, Алланың хикметін сүй.

***

Имансыздық сыртын қанша жусаң да, іші оңбайды.

***

Күшік асырап ит еттім,
Ол балтырымды қанатты.
Біреуге мылтық үйреттім,
Ол мерген болды, мені атты.

***

Біріңді, қазақ, бірің дос,
Көрмесең істің бәрі бос.

***

Алланың өзі де рас, сөзі де рас.

***

Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Пайданы көрсең бас ұрып,
Мақтанды іздеп қайғы алма.
Мініңді ұрлап жасырып,
Майданға түспей бәйге алма.

***

Сөз танымасқа сөз айтқанша, өзіңді танитын шошқа бақ.

***

Сөзіне қарай кісі ал,
Кісіге қарап сөз алма.

***

Тез үйреніп, тез жойма,
Жас уақытта көңіл-гүл.

***

Тұрлаусыздың қолынан не келеді,
Ынтасыз қайтіп өнер үйренеді?

***

Уайым-ер қорғаны; есі барлық.
Уайымсыз салғырттық-дәулеттің, ақылдың,
ардың дұшпаны.

***

Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

***

Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп,
көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы,
жаманды да таниды-дағы,
сондайда білгені, көргені көп адам білімді болады.

***

Адамға ғылым-білімді көбейтуге екі қару керек: бірі – пікірлеспек,
екіншісі – берік сақтау.

***

Адамның қызықты нәрсесін іздеген кезі- өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалады.

***

Басына һәм өзіне өзгешелік бермек-адам ұлын бір бұзатын іс.

***

Біреуді ызаландырмақ-шариғатқа, шаруаға залал, ақылға теріс.

***

Үлкендік-адам ішінен өзін-өзі бағалы есеп қылмақ.

***

Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойыныңа салып, сөгіп қылған қысымның аты.

***

Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі
өзі де есті болады.

***

Нысап, ұят – бұл ғаділеттен шығады.

***

Өмір – мұхит, уақыт – толқын.

***

Еңбек қылсаң қара жер де береді, құр қалдырмайды.

***

Досы жоқпен – сырлас, досы көппен – сыйлас.

***

Тіл өнері – дертпен тең.

***

Адамның адамшылығы… жақсы ұстаздан болады.

***

Кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы жоқ.

***

Егер ісім өнсін десең – ретін тап.

***

Білгені, көргені көп адам білімді болады.

***

Татулықтан артық жолдас жоқ.

***

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.

***

Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық,
Аздырар адам баласын.

***

Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз.

***

Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы,
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы.
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол ақынның білімсіз бейшарасы.
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын,
Қазақтың келістірер қай баласы.

***

Тағыны жетіп қайырған,
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл.

***

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат.

***

Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Үннің тәтті оралған мәні оятар.
Кейі зауық, кейі мұң, дертін қозғап,
Жас балаша жүректі жақсы уатар.
Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді,
Тыңдағанда көңілдің өсері бар.

***

Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе қызықпа, оңғаққа ерме,
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме.

***

 Жаман дос көлеңке,
Басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың,
Басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың.

***

Жолдастық, сұхбаттастық бір үлкен іс,
Оның қадірін жетесіз адам білмес.

***

Баланың жақсысы қызық, жаманы күйік.

***

Бойда қайрат, ойда көз,
Болмаған соң, айтпа сөз.

***

Әуелде бір суық мұз ақыл зерек,
Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.
Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық,
Бұл қайраттан шығады, білсең керек.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың, елден ерек…

***

 Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

***

Мықтымын деп мақтанба ақыл білсең,
Мықты болсаң өзіңнің нәпсіңді жең.

***

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.

***

Ақыл бітпес дәулетке,
Дәулет бітпес келбетке.

***

Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.

***

Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рахым ойлап қой,-
Бес асыл іс көнсеңіз.

***

Бақпен асқан патшадан,
Мимен асқан қара артық.
Сақалын сатқан кәріден,
Еңбегін сатқан бала артық.

***

Қайратсыз ашу -тұл,

Тұрлаусыз ғашық тұл,
Шәкіртсіз ғалым тұл.

***

 Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға.

***

 Жасанды кішіпейілдік жақсы қасиет емес.

***

Өмірдің алды ыстық, арты суық,
Алды ойын, артқы жағы мұңға жуық.