Қазақтардың ескі аңыздары мен наным—сенімдерінің қалай қаз-қалпында сақталғаны таңғаларлық. Және бір кереметі – ен даланың қай түкпіріне барсаңыз да олардың, әсіресе, өлеңмен жазылған сағалардың, бір-бірінен ешбір аумайтындығы: салыстырып көрсеңіз – бір қолжазбаның тізіміндей төгіліп шығады. Білімсіз саналатын көшпелі ордалардың ауыз әдебиетінің қайнар көздеріне тән таңғаларлық дәлме-дәлдік – ешбір күдік келтіруге болмайтын факт.
The current query has no posts. Please make sure you have published items matching your query.
Қазақтар поэзияға қабілеттілігі жөнінен бүкіл түркі тілдес халықтар (татарлар) арасында бірінші орын алады десе де болады. Олар туралы белгілі ориенталист Сенковскийдің арабтар жайлы айтқан: «Бедуин – табиғатынан өлеңші боп туады, басым көпшілігі ақын халық» деген сөзін қайталаса, еш артықтық етпейді.
Поэзияға, әсіресе, импровизацияға құштарлық – барлық көшпелі халықтарға тән қасиет.
Еуропада осы күнге дейін көшпелі тайпаларды қаскүнем ордалар мен тәртіпсіз жабайылар түріндегі құбыжық етіп көрсетуге құмар кері көзқарастар басым орын алып отыр. Ал енді осы «жабайыларыңыздың» («варварлар») басым көпшілігінің ауызша һәм жазбаша төл әдебиеті, аңыз әпсаналары бар.
Жиналған ақпарат
1
Өсиет
493
1
Ғұлама
17
1
Өмірбаян
25
1
Мағына
125
Ғұламалар өмірбаяндары
Copyright © 2026 Ұлы дала өсиеті | Шымкент қаласы химия-биология бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігі
