МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫ
(1803-1846)
Қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Нарын құмының Жасқұс деген жері. — 1846 ж. 20 қазан, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Индер ауданы) — қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. 1836—38 ж. И. Тайманұлы бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы, қозғалысты ұйымдастырушылардың бірі. Махамбет өзі Жәңгір ханның қудалауымен екі жыл түрмеде отырып, 1831 ж. қашып шыққан. Саналы өмірін патша өкіметінің отарлық саясатын жұзеге асырушы хан-сұлтандарға қарсы кекті жырлар толғайды, халықты күреске шақырады. Көтеріліс жеңіліспен аяқтапғаннан кейін Жем, Жайық, Маңғыстау, Хиуа елдерін сағалайды, жасақ жинап, көтерілісті жаңадан жандандыруғә күш салады. Бұл ниеті нәтижесіз болды, Бөкей ордасында қолға түсіп, Орынбор түрмесіне қамалады. Тұтқыннан босағаннан кейінгі өмірін Кіші жүздің батыс бөлігіндегі ел ішінде өткізеді. Бірақ, Жәңгір хан өлген соң аға сұлтан болған Баймағамбет Айшуақұлының жалдамалыларының қолынан қаза тапты.[1] Махамбет — халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы кетеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны. Оның бейнелі де жалынды негізінен Шалкиіз, Сыпыра, Доспамбет, Қазтуған сияқты батыр жыраулардың үлгісінде шығарылған көтеріліс туралы толғаулар. «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» деген өлеңдерінде үстем тап өкілдерін бет-пердесін жырта шенесе, «Мұнар күн» өлеңінде ел басындағы ауыртпалықты күйзеле, ашына айтты. Исатай — ақынның кеп өлендерінің басты қаһарманы. «Тайманның ұлы Исатай», «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Тарланым», т.б. өлеңдерінде Исатайдың адамгершілігі, азаматтығы, батырлығы, қайсарлығы сипатталады.
Описание
Бір сынаған жаманды,
Екіншілей сынама…
Ермін деген жігітті,
Кеңшілікте сынама
***
Еменнің түбі – сары бал, еріскен көңіл – бәрі бал
***
Ат – жігіттің майданы
***
Аз сөйлер де, көп тыңдар хас асылдың баласы.
***
Азамат, сені сақтадым, бір күніме керек деп,
Жаманменен дос болсаң – сыртыңнан жүрер өсектеп
***
Қылыш – жанның дәрмені, өлім – хақтың пәрмені
***
Кәрісі кімнің жоқ болса, жасы болар дуана
***
Қарада да қара бар – хан ұлына бергісіз!
***
Күндіз күліп тайраңдап, түнде түзге шықпас ерлер бар.
***
Асылдан болат ұл туса, жауырынынан өтін алса да, жамандарға жалынбас.
***
Туған ұлдан не пайда, қолына найза алмаса, атаның жолын қумаса
***
Алаштың байлығынан не пайда, қайыры оның болмаса
***
Арғымақтың баласы аз оттар да, көп жусар,
Асыл ердің баласы аз ұйықтар да, көп жортар
***
Халық қозғалса, хан тағында тұра алмас
***
Жауда қалса жолдасы, мақтанады несіне ер?!
***
Толарсақтан саз кешіп,
Тоқтамай тартып шығарға,
Хас үлектен туған кәтепті,
Қара нар керек біздің бұл іске!
***
Жапанға біткен бәйтерек – жайқалмағы желден-ді,
Хан-төренің кешігіп, кідірмегі елден-ді.
***
Құс ілген қудың ұятта ісі болмайды.
***
Ханнан қырық туғанша,
қарадан біреу тусайшы,
атаның кегін қусайшы!
***
Ақсүйектің баласын
қара ұлына теңгеріп,
қоңыраулы найза өңгеріп,
жесірлерге жер бердім,
жетімдерге жем бердім –
сол ерліктен не көрдім?!
***
Көшпелі дәулет кімде жоқ – бірде бар да, бірде жоқ
***
Таудай болған таланттың назары қайтқан күн болар
***
Ер дұшпаны көп болар
***
Көл – дария болып шалқымас
***
Келмейтұғын нәрсеге жаныңды қинап жылама
***
Қарағайға қарсы бұтақ біткенше,
Еменге иір бұтақ бітсейші –
қыранға тұғыр қыларға!
***
Халық үшін қан төгем деп,
Қараны ханға теңеп берем де
Ол мақсатқа жете алмай,
Қор болдық-ау, шырақ-ай!
***
Қарадай отын жармадым тас қазанды асарға,
Өлең айтып толғадым көкірегімді басарға