-
- АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ
- (1845-1904) Абай бала кезінде ширак, пысық болмағанымен, елдегі шешен, ақын, ертегішілер әңгімесін тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен ерекшеленген, Шортанбай, Дулат, Бұқар жырау, Марабай, Шөжелерді тыңдап өскен. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін ортада өскен кісі. Оның ағасы (әкесі Тұрланның інісі) Тонтайдың өлерінде кожа-молдаларға карап: "Жазыла-жазыла қожа-молдадан да ұят болды, енді өлмесек болмас",—дегені халық аузында мәтел болып кеткен. Құнанбай…
-
- Анахарсис (Анақарыс) Скифский
- Б.з.д. V-VI ғасырлар Әлемдiк тарихта есiмi “Анахарсис Скифский” деген атпен қалған, сақтар мемлекетiнiң әйгiлi ойшылы. Ғалымдардың пікірінше, Анақарыс б.д.д. 620-555 жылдары өмiр сүрген, скифтердi ата-бабасынан билеп келе жатқан хан тұқымы. Нағыз қаракөгі үзiлмеген тектен тараған. Шешесi грек қызы. Сондықтан да Элладаның тiлiн үйренiп өскен. Өнерге, әсiресе сөз өнерiне ерекше құмартып, билердiң шешендiк кеңесiне қатысып, тыңдап, өзi де билiк айтып ер жеткен. Элладаның…
-
- АСАНҚАЙҒЫ
- (1361-1469) Ол 1361-1469 жылдар аралығында ғұмыр кешкен, қазақтың данышпан ақылгөй жырауы, өз дәуірінің абызы, бас биі, Үйсін Майқы бидің алтыншы ұрпағы. Шоқан Уәлихановтың айтуы бойынша қазақ халқының қамын, болашағын ойлаған «дала философы», осындай ойшыл, ел қамын жеп, қайғы-қасірет кешкен Асан атына кейін «қайғы» сөзі қосылып аңыздалып кеткен. Шежіре — аңыздардың айтуынша Асанның әкесі Сәбит ұзақ жасаған, он сегіз мың ғаламның,…
-
- БІЛГЕ ҚАҒАН
- (683-734) Көне түрік бітік т: Bilge qaγan; қыташа: Бике кэхань, «Могилян». Түрік Елінің 717-734 жылдары билік құрған қағаны. Ол 683 ж. Орхон өзенi бойындағы Өтүкенде туған. Құтлық (Елтеріс) қағанның үлкен ұлы, Күлтегіннің ағасы. Шешесі Елбілге қатұн. «Ачынұ» текті. Түрiк Елінің бiрегей тұлғасы атанған ол iнiсi Күлтегiнмен бiрге елдің қамы, жердің тұтастығы үшін күресіп, көшпелiлер тарихында ұлы империяның іргесін бекітті. Ол…
-
- КҮЛТЕГІН
- (684-731) Күлтегін (684 - 731 жж.) — Екінші Шығыс Түрік қағандығы (Қапаған және Білге қағандар дәуіріндегі) әскерінің бас қолбасшысы, «көк түркінің көк семсері» атанған атақты батыры, Құтлық қағанның кенже баласы. Ол әкесінен 7 жасында жетім қалып, ағасы Қапаған қағанның тәрбиесінде өседі. Күлтегін тым ерте есейіп, қабырғасы қатып, бұғанасы бекімей жатып, жау жарағын асынып, тұс-тұстан төнген жауға үлкендермен бір қатарда тұрып…
-
- ҚОЖА АХМЕТ ИАССАУИ
- (1103-1166) Ежелгі Сайрам (Испиджаб) қаласында дүниеге келген Яссауи рухани тәрбиенің алғашқы сабақтарын өз әкесі Ибрахим шайхтан алады. Әкесі дүниеден өткен соң, Арыстан баптан аманат-ілімді қабылдаған болашақ Түркістан пірі біршама уақыт Йасы (Түркістан) қаласын мекен етеді. Есейе келе ілім іздеп, өз хикметтерінде айтылғандай, «Хорасан, Шам, Иракқа сапар шеккен» Яссауидің өмір жолын бірқатар деректер Бұхаралық атақты сопы Жүсіп Хамаданимен байланыстырады. Өз дәуірінің…
-
- ҚОРҚЫТ
- ( ІХғ.) Қобыз атасы деп табылады, композитор, жыршы, ақын, музыкант, бақсылардың қамқоршысы. Қорқыт ата түрік дәстүрін, салтын, әдетін, сенімдерін, басқа халықтардан айырмашылығын, қысқасы, қоғамдық мінездемесін ертегілерінде айтқан, оны бүгінге дейін әдемілеп жеткізген ұлы өнерпаз. Туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Өмір сүрген ғасыры да даулы. Кейбір зерттеушілер оның Әзірет Пайғамбар заманында жасағанын айтады және ғылыми еңбектерінде бұл пікірді дәлелдейтін дастан бөлімдерін…
-
- МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫ
- (1803-1846) Қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Нарын құмының Жасқұс деген жері. — 1846 ж. 20 қазан, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Индер ауданы) — қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. 1836—38 ж. И. Тайманұлы бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы, қозғалысты ұйымдастырушылардың бірі. Махамбет өзі Жәңгір ханның қудалауымен…
-
- МАХМҰД ҚАШҚАРИ
- (1029-1101) ХІ ғасырдағы Орта Азиядағы атақты түрколог. Әкесі Хүсейін ибн Мұхаммед Барысқанның әміршісі болған. Махмұд Қашқари Шу топырағындағы Барсхан қаласында ХІ ғасырда дүниеге келген, өзінің де, ата-бабасының да өскен, өркен жайған аймағы осы аталған жер. Атақты ғалымның туған және қайтыс болған мезгілі анық емес. Ғұламаның бізге қалдырған басты еңбегі «Диуани лұғат-ат-түрк» («Түркі тілдерінің сөздігі») атты әлемге әйгілі кітабы. Бұл еңбек…
-
- ТОҚСАРЫ
- (646-737) Тоқсары шамамен б.з.д.VІІ ғасырдың басында дүниеден өткен. Тоқсары Грек еліне келгенде, жасы отыздар шамасында болатын. Лукиян, «Скиф және қонақ» деген кітабында: «Тоқсары Скифияға қайтып оралмаған, ол Афинада қайтыс болды, кейіннен ұлттық қаһарман ретінде танылды. Элладалықтар оған жат елден келген Балгер-әулие ретінде жыл сайын құрбандық шалады»- деп жазады. Лукиянның «Тоқсары мен достық» атты еңбегінде «Біз жақсы адамдарға арнап құрбандық шаламыз.…
-
- ТОНЫКӨК
- (646-741) Оғыз тайпасынан шыққан. Заманында Түркі қағанатының үш бірдей қағанына уәзір болған. 683 жылы Құтылықпен бірігіп, табғаштарға қарсы көтеріліске шығады. Көтерілісшілер жеңістен жеңіске жетіп, ұзамай әйгілі Екінші Шығыс Түркі қағанатының шаңырағын көтереді. Құтылығты «Ел төресі» деген атпен қаған етіп сайлайды. Құтылығ қаған өлгеннен кейін қаған болған інісі Қапағанға да сенімді серік, білікті ақылшы болып, адал қызмет етеді. Қапаған қарамағындағыларға аяусыз…
-
- ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДИЕВ
- (1858-1931) Ш. Құдайбердиев 1858 жылы 11 шілдеде Шыңғыс тау бөктерінде, қазіргі Шығыс Қазақстан (бұрынғы Семей) облысының Абай ауданында дүниеге келген. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді – Күңке дейтін бәйбішесінен туған жалғыз ұлы. Құдайбердінің Дәметкен (Төлебике) дейтін бәйбішесінен Омар, Мұртаза, Шаһмаржан, Шәкәрім туған. Ол – Абайдың немере інісі. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасынан хат таниды. Әкесі Құдайберді 1866 жылы отыз жеті жасында дүниеден…
Товары
Здесь вы можете добавлять новые товары в ваш магазин.